locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Шахтер» уақытша бас бапкерін атады — команданы Александр Кузнецов тізгіндеді

UEFA Pro лицензиясы бар маман Финонченконың орнын уақытша алмастырмақ
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
«Шахтер» уақытша бас бапкерін атады — команданы Александр Кузнецов тізгіндеді
ФОТО: ҚФФ

Қарағандылық «Шахтердің» негізгі құрамына Александр Кузнецов уақытша бас бапкер болып тағайындалды. Бұл шешім Андрей Финонченконың отбасылық жағдайына байланысты уақытша жұмысқа шыға алмауымен байланысты.

Кузнецов — Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларын ұзақ жылдар бойы жаттықтырып, халықаралық деңгейде 100-ден астам матч өткізген тәжірибелі маман. Биыл сәуірде ол U-19 құрамасынан кетіп, «Шахтердің» футбол орталығына жетекшілік етті. Енді оның алдында команданың нәтижесін жақсарту және клубтың бірыңғай философиясын жалғастыру міндеті тұр.

Айта кетейік, «Шахтер» — Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2011, 2012), Кубок (2013) және Суперкубок (2013) иегері.

Финонченко «Шахтерді» уақытша қайта жаттықтырады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie