locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шабуылдың көшбасшысы кетуі мүмкін бе? Чинеду «Астанадан» кетіп, мансабын РПЛ-де жалғастыруы ықтимал

Елорда клубының нигериялық шабуылшысы «Крылья Советовқа» еркін агент ретінде ауысудың аз-ақ алдында тұр
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Шабуылдың көшбасшысы кетуі мүмкін бе? Чинеду «Астанадан» кетіп, мансабын РПЛ-де жалғастыруы ықтимал
ФОТО: ФК Астана

«Астана» шабуылшысы Джеффри Чинеду клуб ауыстырудың сәл-ақ алдында тұр.

Инсайдер Иван Карповтың хабарлауынша, 28 жастағы нигериялық форвард Ресей Премьер-лигасында ойынын жалғастыруы мүмкін – оның жаңа командасы ретінде самаралық «Крылья Советов» қарастырылуда.

Дереккөздің мәліметінше, Чинеду Магомед Адиевтің командасы үшін маңызды күшейту ретінде қарастырылуда және самарлық клубқа ауысуы үшін трансферлік өтемақы талап етілмейді – ол еркін агент мәртебесінде қосылмақ.

Бұл жасына дейін шабуылшы бірқатар еуропалық чемпионаттарда өнер көрсетіп үлгерді. Ол Албания, Солтүстік Македония, Финляндия, Эстония, Сербия, Украина және Қазақстан клубтарында ойнады. Биылғы маусымда «Астана» сапында барлық турнирде 31 матч өткізіп, 12 гол мен екі нәтижелі паспен көзге түсті. Оның голдарының бірі – Конференциялар лигасының іріктеуінде молдавиялық «Зимбру» қақпасына соғылған маңызды доп.

Чинеду елордалық клубқа 2024 жылдың жазында Қытайдың «Ляонин» командасынан ауысып келген болатын. Transfermarkt дерегіне сүйенсек, футболшының қазіргі нарықтық құны шамамен 900 мың еуроға бағаланады.

КПЛ-2025 маусымының қорытындысы бойынша нигериялық шабуылшы «Астананың» ең нәтижелі үш ойыншысының қатарына енді. Ол тек Назми Грипши (16 гол) мен Марин Томасовқа (12) жол беріп, өзінің есебіне 11 гол жазды.

Сондай-ақ шабуылшы жартылай қорғаушы Назми Грипши мансабын MLS-те жалғастыруы мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie