locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сеск Фабрегас «Комода» қалады: клуб «Байер» және басқа үміткерлердің ұсынысын кері қайтарды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Сеск Фабрегас «Комода» қалады: клуб «Байер» және басқа үміткерлердің ұсынысын кері қайтарды
ФОТО: Getty images

2024/25 жылғы маусым аяқталғаннан кейін Сеск Фабрегас өз қызметінен кетпейді. Спорт журналисі Фабрицио Романоның хабарлауынша, клуб басшылығы 37 жастағы испаниялық маманның ұзақмерзімді жоба аясында жұмысын жалғастыратынын ресми түрде мәлімдеген. Бұл туралы қызығушылық танытқан тараптарға, соның ішінде леверкузендік «Байер» клубына да хабар берілді.

Фабрегастың «РБ Лейпциг» немесе «Рома» клубтарына ауысуы мүмкін деген сыбыстарға қарамастан, «Комо» басшылығы өз бапкеріне сенім артып отыр және даму жоспарын дәл осы маманмен бірге жалғастыруды көздейді.

Айта кетейік, испандық жаттықтырушы «Комо» клубын 2024 жылы тізгіндеген. Оның қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазынына дейін есептелген.А Сериясының 35 турында команда 45 ұпай жинап, турнирлік кестеде 10-орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie