locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Фабрегас «Байердің» үміткерлер тізімінде – бұрынғы жұлдызды жартылай қорғаушы Бундеслигаға жол тартуы мүмкін

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Фабрегас «Байердің» үміткерлер тізімінде – бұрынғы жұлдызды жартылай қорғаушы Бундеслигаға жол тартуы мүмкін
ФОТО: Getty Images

Италиялық «Комо» клубының бас бапкері Сеск Фабрегас Леверкузендік «Байердің» тізгінін ұстауы мүмкін үміткерлердің қатарында, деп хабарлады Sky Sport Germany.

Еске салайық, қазіргі таңда «аспиринділерді» жаттықтырып жүрген Хаби Алонсо маусым аяқталған соң клубтан кететінін мәлімдеген болатын.

Алонсоның орнына қарастырылып жатқан өзге үміткерлер қатарында «Манчестер Юнайтедтің» бапкері Эрик тен Хаг пен мадридтік «Реалдың» жастар құрамасын жаттықтыратын Альваро Арбелоа бар. Сонымен қатар, Сеск Фабрегасқа немістің тағы бір клубы - «РБ Лейпциг» те қызығушылық танытуда.

Фабрегас «Комоны» 2024 жылдың жазында қабылдап алған болатын. Оның клубпен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жасалған. Қазіргі таңда команда Серия А-ның 35 турында 45 ұпай жинап, турнир кестесінде 10-орында тұр. Бұл - 37 жастағы испандық маманның бас бапкер ретіндегі алғашқы толық маусымы.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie