Сергей Семак Нұрәлі Әліптің жарақаттан кейінгі қалпына келуі туралы айтты
Санкт-Петербургтік “Зенит” командасының бас бапкері Сергей Семак Дохада өткен алғашқы жиын кезінде қазақстандық қорғаушы Нұрәлі Әліп жарақат алғаннан кейінгі команданың жаттығу жоспары туралы айтты.
— Әліп пен Волков жалпы топта алғашқы жаттығуларын бастады. Олар толық жаттығуға дайын ба?
“Әзірге жоқ. Әліптің жарақаты аса ауыр емес. Біз олардың жағдайына байланысты дайындық жоспарын құратын боламыз. Қазіргі уақытта екеуі де жеке жұмыс істеп жатыр, ал жалпы топта тек қыздыру жаттығулары мен жеңіл жүгіру жұмыстарын орындайды”, – деді Семактың сөзін “Зениттің” ресми сайты келтірді.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ресей Премьер-Лигасының 17-турында өткен самаралық “Крылья Советов” командасына қарсы ойында (2:3) аяқ жарақатын алған болатын.