Нұрәлі Әліп шаш трансплантациясы туралы айтты: "Әзірге нақты айту ерте, себебі нәтиже алты айдан кейін белгілі болады"


Санкт-Петербургтік “Зенит” командасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп шаш трансплантациясы жайлы айтып берді.
— Шаш трансплантациясы. Сіз бұл қадамға қалай бардыңыз? Бұл ауырды ма? Осы жолды таңдауға бел буғандарға неге дайын болу керек?
“Әзірге нақты айту ерте, себебі нәтиже алты айдан кейін белгілі болады. Өзі процедура қалыпты, бірақ ұзаққа созылады: таңғы тоғызда басталып, кешкі сағат 18:00-де аяқталды. Қазір мен бұны ешкімге ұсынбаймын, кем дегенде үш-төрт ай өтуі керек”, — деп келтіреді Әліптің сөзін “Зениттің” ресми сайты.
Осы маусымда Әліп клуб сапында барлық турнирде 19 матчқа қатысып, бір гол және бір нәтижелі паспен көзге түсті. Футболшының клубпен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.

Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:45


Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:30