Себебі белгілі болды: «Бешикташ» Зайнутдиновты трансферге қоймақ
Футбол
Тимур Салимов
Редактор
ФОТО: Бешикташ
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов алдағы жазда клубын ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Takvim басылымы.
Ақпарат көзінің мәліметінше, 27 жастағы футболшы бұл маусымда ойын деңгейімен клуб үмітін ақтай алмаған. Осыған байланысты түрік клубының басшылығы онымен қош айтысуды жоспарлап отыр.
Ағымдағы маусымда Зайнутдинов «Бешикташ» сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Оның клубпен арадағы келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде. Футболшының нарықтағы трансферлік құны — 3,3 миллион еуро.
Зайнутдинов жарақатына байланысты мансабын аяқтайды деген қауесеттерді жоққа шығарған болатын.