Сауд Арабиясы Мессиді қалайды. Ойыншыға Роналдуға ұқсас келісімшарт ұсынылды
«Әл-Хилал» аргентинлық ойыншыға рекордтық ұсыныс жасады
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» клубы Лионель Мессиге ұсыныс жасады, оған сәйкес аргентиналық ойыншы Криштиану Роналду «Әл-Насрда» қанша табыс тапса, сонша алады.
Футболшының әкесі әрі агенті Хорхе Месси шейхтердің ұсынысымен танысып үлгергенімен, соңғы шешімді Лионельдің өзі қабылдайтыны хабарланды. Бұған дейін 38 жастағы ойыншының саудиялық клубпен келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.
Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубымен 2027 жылға дейін жаңа келісімшартқа отырды. Жаңа келісім бойынша, Роналду жылына 200 млн еуро және клуб акцияларының бөлігін алады. Сондай-ақ ойыншыға соққан голдары мен ассисттері үшін бонустар төленеді.