locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Сантос» клубы Неймардың коронавирус жұқтырғанын растады

Футболшы үйінде оқшауланып, дәрігерлердің нұсқауымен ем қабылдап жатыр
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
«Сантос» клубы Неймардың коронавирус жұқтырғанын растады
ФОТО: Getty Images

Бразилиялық «Сантос» клубы шабуылшы Неймардың COVID-19 вирусын жұқтырғанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы O Globo басылымы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Бейсенбіде вирус белгілері байқалғаннан кейін Неймар клубтың медициналық бөліміне қаралып, лабораториялық тексеруден өтті. Талдау нәтижесінде COVID-19 расталды. Симптомдар пайда болған сәттен бастап-ақ футболшы барлық клубтық іс-шаралардан шеттетілді. Қазір ол үйінде оқшауланған және дәрігердің тағайындаған емін қабылдауда», – делінген ресми хабарламада.

Ағымдағы маусымда Неймар «Сантос» сапында барлық жарыстарда 14 ойын өткізіп, үш гол мен үш нәтижелі пас берген.

«Алтын доптың» басты үміткері жарақат алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie