locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Самородовтың «Ахматының» бапкері «Уралдан» жеңілген соң қызметінен кетті

Сергей Ташуев плей-оффтағы алғашқы матчта жеңілген соң қызметінен кетті
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Самородовтың «Ахматының» бапкері «Уралдан» жеңілген соң қызметінен кетті
ФОТО: ФК Ахмат

«Ахмат» командасының бас бапкері Сергей Ташуев Ресей Премьер-лигасында ойнау құқығына алғашқы өтпелі матчта жеңіліп қалған соң қызметінен кетті, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Ташуев шәкірттері сырт алаңда екатеринбургтық «Уралмен» (1:2) ойын өткізді. Бірінші таймды 1:0 есебімен аяқтаған «Ахмат» екінші таймның басында тоғыз минутта екі гол жіберіп алып, есін жиа алмады. Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов екінші таймды толығымен алаңда өткізді.

Кездесудің қарымта ойыны 31 мамырда грозныйлық клубтың стадионында өтеді. Федор Щербаченко бастаған бапкерлер штабы команданы екінші кездесуге дайындайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie