Самородов мансабын мәскеулік Спартакта жалғастыру мүмкін
Футбол
Азат Максутбек
ФОТО: ФК Ахмат
Қазақстан құрамасының футболшысы Максим Самородов өзінің мансабын Мәскеулік "Спартакта" жалғастыруы мүмкін.
"Kazakh football inside" инсайдерлік арнаның ақпараты бойынша, Қазақстан құрамасының 22 жастағы шабуылшысы осы трансферлік терезеде "Спартакқа" өтуі мүмкін. Клуб турнирдің көктемгі бөлігіне қосымша күш іздейді.
Қазір Максим Грозныйдағы “Ахматта” ойнайды, ол 2024 жылдың 6 тамызында 1 миллион еуроға көшті. Ахмат үшін ол 19 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 1 ассист берді.
Transfermarkt порталындағы ойыншының құны 1.200.000 еуроға бағаланады.
Сондай-ақ оқыңыз: Самородов тағы да қазақстандық клубқа қарсы ойнайды