Самородов тағы да қазақстандық клубқа қарсы ойнайды
Футбол
Азат Максутбек
ФОТО: КФФ
Екінші жиында Грозныйлық "Ахматтың" жолдастық матчтарының кестесі белгілі болды, деп хабарлайды "Футбол на Куличиках".
"Ахмат" екінші жиында бес сынақ матч өткізеді. Түрциядағы Белекте командасының екінші дайындық жиыны 27 қаңтарда басталып, 10 ақпанға дейін жалғасады.
Сергей Ташуевтің шәкірттерінің қарсыластары болгариялық "Септември" клубы, сербиялық "Графичар" командасы, қазақстандық "Қызылжар", ресейлік "Енисей" (Красноярск) және "Арсенал" (Тула) клубтары болады.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы жиындарда грозный командасы екі матч өткізіп, Сербиялық "Нови Пазар" және "Воеводина" командаларын жеңді.