locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Салах АПЛ-дегі негізгі көрсеткіш бойынша Руниді қуып жетті

Мысырлық футболшы Англия чемпионатындағы «Ливерпульдің» 276 голына қатысқан
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Салах АПЛ-дегі негізгі көрсеткіш бойынша Руниді қуып жетті
ФОТО: Getty Images

Жұлдызды мысырлық Мохамед Салах Англия Премьер-лигасында «Ливерпульдің» 276 голына тікелей үлес қосты. Форвард АПЛ-дің 11-турында «Астон Вилла» қақпасына гол соқты.

Осылайша, Салах Премьер-лигада бір клуб үшін ең көп гол мен нәтижелі пасқа қатысқан көрсеткіш бойынша аңызға айналған Уэйн Рунимен (276 – «Манчестер Юнайтед») теңесті (Салахтың есебінде «Ливерпуль» үшін 188 гол және 88 нәтижелі пас бар).

Биылғы маусымда мысырлық шабуылшы барлық турнирде 14 матчта бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Бұған дейін «Ливерпульдің» жазғы жаңа ойыншысының сауығу мерзімдері жарияланған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie