«Ливерпульдің» жазғы жаңа ойыншысының қалпына келу мерзімі белгілі болды
Джереми Фримпонг бірнеше апта алаңға шықпайды
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Ливерпульдің» қанат қорғаушысы Джереми Фримпонг бірнеше апта бойы алаңға шықпайды.
Daily Mail мәліметінше, «Ливерпульдің» қорғаушысы жарақатына байланысты шамамен алты апта ойынға қатыса алмайды.
Нидерландиялық футболшы Чемпиондар лигасының үшінші айналымында «Айнтрахтқа» қарсы кездесуде жарақат алып, осыған дейін «Брентфорд» пен «Кристал Пэласқа» қарсы өткен ойындарды өткізіп алды.
Жазда «Байерден» ауысып келгеннен кейін Фримпонг «қызылдардың» қорғанысында негізгі ойыншы ретінде жылдам өз орнын тапты. Биылғы маусымда нидерландиялық футболшы барлық турнирде «Ливерпуль» сапында тоғыз матч өткізіп, бір гол соқты.
Айта кетейік, «Ливерпуль» Кубоктан шығып қалғаннан кейін тарихи антирекордты қайталады.