locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сафонов? «Алтын доп» – 2026 рәсімінде әлемнің үздік қақпашысы анықталды

Лондонда өткен марапаттау рәсімінде испаниялық Унаи Симон мен Ката Коль жылдың үздік қақпашылары атанып, Яшин жүлдесін иеленді
Футбол
Сафонов? «Алтын доп» – 2026 рәсімінде әлемнің үздік қақпашысы анықталды
ФОТО: Getty images

«Алтын доп» – 2026 марапаттау рәсімінде әлемнің үздік қақпашылары белгілі болды. ПСЖ сапында табысты маусым өткізген Матвей Сафонов үміткерлер қатарында болғанымен, ерлер арасындағы Яшин жүлдесі «Атлетик» клубы мен Испания құрамасының қақпашысы Унаи Симонға бұйырды, деп хабарлайды Sports24.kz.

26 қазанда Лондонда өткен «Алтын доптың» 70-ші марапаттау рәсімінде Яшин жүлдесінің ерлер және әйелдер арасындағы жеңімпаздары анықталды. Биыл екі марапат та испаниялық қақпашыларға табысталды. Ерлер арасында Унаи Симон үздік атанса, әйелдер арасында «Барселонаның» қақпашысы Ката Коль жеңіске жетті.

Унаи Симон үшін 2026 жылғы әлем чемпионатындағы жетістігі шешуші рөл атқарды. Ол Испания құрамасымен бірге әлем чемпионы атанып қана қоймай, турнирдің үздік қақпашысына берілетін «Алтын қолғап» жүлдесін де жеңіп алды.

Испаниялық қақпашы әлем біріншілігінде жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Сегіз кездесудің жетеуінде қақпасына гол жібермеген Симон бүкіл турнир барысында небәрі бір доп өткізіп алды. Осылайша, ол бір әлем чемпионатында ең көп «құрғақ» матч өткізген қақпашы ретінде рекорд орнатты.

Беделді марапатқа үміткерлердің қатарында ПСЖ-ның ресейлік қақпашысы Матвей Сафонов та болды. Ол 2025/26 жылғы маусымда барлық турнирде 27 матч өткізіп, оның 12-сінде қақпасын голдан аман сақтады. Сондай-ақ париждік клубпен бірге Франция чемпионаты мен Чемпиондар лигасын қоса алғанда, бірнеше ірі жүлдені жеңіп алды.

Алайда бұл жетістіктер Сафоновтың Яшин жүлдесін иеленуіне жеткіліксіз болды. Дауыс беру қорытындысында марапат Унаи Симонға бұйырды.

Ал әйелдер арасындағы үздік қақпашы атағын Ката Коль жеңіп алды. «Барселона» сапында өнер көрсететін испаниялық футболшы үшін 2025/26 жылғы маусым ерекше табысты болды. Ол каталониялық клубпен бірге Испания чемпионатын, ел Кубогы мен Суперкубогын, сондай-ақ әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Бұдан бөлек, Коль УЕФА техникалық бақылаушыларының нұсқасы бойынша әйелдер Чемпиондар лигасы маусымының символикалық құрамына енді.

Айта кетейік, бұған дейін «Алтын доп» – 2026 рәсімінде әлемнің үздік жас футболшысы да анықталған болатын. 21 жасқа дейінгі ойыншыларға берілетін Копа жүлдесін «Барселонаның» 19 жастағы шабуылшысы Ламин Ямаль қатарынан үшінші рет жеңіп алды. Осылайша, испаниялық футболшы аталған марапатты үш мәрте иеленген тарихтағы алғашқы ойыншы атанды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie