locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Руни Салахтың «Ливерпульдегі» болашағына қатысты батыл болжам жасады

Бұл болжам осы қыста-ақ расталуы мүмкін
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Руни Салахтың «Ливерпульдегі» болашағына қатысты батыл болжам жасады
ФОТО: Getty Images

Қазіргі кезде «Ливерпульдің» көшбасшысы Мохамед Салах өзінен күткен деңгейде ойнамай, биылғы маусымда әсерлі ойын көрсете алмай жүр. Осы жағдайға байланысты «Манчестер Юнайтед» аңызы Уэйн Руни күтпеген болжам жасады.

Руниннің пікірінше, соңғы жылдары жиналған қысымның әсерінен, мысырлық шабуылшы «Ливерпульден» тіпті алдағы трансферлік терезеде-ақ кетуі ғажап емес.

«Менің ойымша, соңғы жылдары Салах өте көп матч өткізді, командадағы басты адам болды және бүкіл ауыртпалықты көтерді. Меніңше, ол Премьер-лиганың үздік бес-жеті ойыншысының қатарына кіреді. Бірақ бұл қысым оны да шаршатты деп ойлаймын.

Егер ол қаңтарда немесе мүмкін, келесі жазда клубтан кетсе, мен таңқалмас едім. Бірақ мен оған қарап отыруды ұнататынмын – ол тамаша ойыншы, тек, меніңше, бұл жағдай кез келген футболшыға әсер етеді», – деді Руни BBC-ге берген сұхбатында.

Бұған дейін суперкомпьютер «Ливерпульдің» АПЛ-дегі жеңіске жету мүмкіндігін бағалаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie