«Ливерпульдің» чемпиондық атағын қорғау мүмкіндігі айтарлықтай төмендеді. Енді АПЛ-да кім фаворит?
«Қызылдар» чемпиондық басты фаворит мәртебесін жоғалтты
Футбол
Серик Амирбек
Редактор
ФОТО: Ливерпуль
«Ливерпуль» ағылшын Премьер-лигасының сегізінші турындағы матчта «Манчестер Юнайтедке» жол берді. Кездесу «МЮ»-дің 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
«Қызылдар» АПЛ аясында қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырап, Opta суперкомпьютерінің мәліметінше, маусымның басты фавориті мәртебесінен айырылды.
Мерсисайдтықтардың чемпион атану ықтималдығы 21,61% құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша олар лигада екінші орында.
Маусымның басты фавориті ретінде «Арсенал» танылып отыр — олардың чемпиондық мүмкіндігі 51,74%. Үздік үштікті «Манчестер Сити» (16,70%) түйіндейді. Алғашқы төрттікті едәуір артта қалған «Челси» (4,05%) аяқтайды.