Роналдудың голы көмектеспеді. «Әл-Насрға» маусымның соңғы матчында жеңіліске ұшырады
26 мамырда Сауд Про-лигасының 34-турының соңғы ойыны өтіп, онда «Әл-Фатех» өз алаңында «Әл-Насрды» қабылдады.
Матчтың есебі бірінші таймның соңында ашылды - «Әл-Насрдың» португалдық шабуылшысы Криштиану Роналду сәтті бұрыштама добынан кейін гол соқты. Бірақ санаулы минуттардан кейін алаң иелері есепті теңестіріп, үзіліске тең есеппен шықты. Екінші таймда «Әл-Наср» тағы да алға шықты - бұл жолы Садио Мане гол соқты. Есептегі басымдық алты минутқа созылды. 81-минутта «Әл-Фатехтің» шабуылшысы Мурад Батна таразы басын теңестірсе, қосымша уақытта Матеус Машаду командасына жеңіс әкелді.
Осылайша, «Әл-Наср» маусымның соңғы матчында жеңіліске ұшырап, маусымды үшінші орында аяқтады. «Әл-Фатех» өз кезегінде кестеде 10-орынға көтеріле алды.
Сауд Про-лигасы. 34-тур. 26 мамыр
«Әл-Фатех» - «Әл-Наср» - 2:3
Голдар: Варгас, 45+4, Батна, 81, Машаду, 90+6 - Роналду, 42, Мане, 75.
