Роналду Сауд Про-лигасының соңғы матчында мансабындағы 936-голын соқты
Криштиану Роналду мансабындағы 1000-шы голына жету жоспарын жалғастыруда
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Про-лигасының соңғы турында «Әл-Фатехке» қарсы ойында мансабындағы 936-шы голын соқты.
42-минутта португалиялық ойыншының командасы бұрыштама добын орындады. Пастан кейін «Әл-Насрдың» қорғаушысы Мохаммед әл-Фатиль допты алыс бағанаға асырды. Ол жерден Криштиану допты баспен қақпаға бағыттады.
Бұл португалиялықтың мансабындағы 936-шы және саудиялық клубтың жейдесінде 99-шы голы болды.
Бұл Роналдудың «Әл-Наср» сапындағы соңғы голы болуы мүмкін - осы маусымнан кейін ойыншы өзінің туған «Спортинг» клубына оралуы мүмкін.