Роналду: Менде әлі де жеңіске деген аштық бар
Португалия құрамасы Криштиану Роналдудың басшылығымен Лига ұлттарының чемпионы атанды. Финалда олар Испанияны ойыннан кейінгі пенальтилер сериясында жеңіп, тарихи жетістікке жетті. Жеңістен кейін Роналду жүрекжарды сөз айтты.
«Мен қуаныштымын, өйткені бұл жеңісті команда лайықты түрде алды. Испаниямен ойын қиын болатынын білдік. Пресс-конференцияда айтқанымдай, Испания — әлемдегі ең үздік команда. Бұл біз үшін ерекше сәт. Бұл болашақ жеңістерге деген сенімділікті арттырады. Мен өте қуаныштымын. Жасым қаншада болса да, менде жеңіске деген аштық бар. Бұл ең бастысы. Мен әр сәттен ләззат аламын және ең жақсы істейтін нәрсемді істеп жүрмін. Мен құраманың намысы үшін жеңіске жетемін. Жеңіске жеткенде әрқашан эмоциялар болады. Мен жыладым, себебі мен эмоцияға тез берілемін. Бізді жанкүйерлер қолдады. Жанымда отбасым, балаларым болды. Бұл — ерекше сәт.
Ламин Ямаль? Ол бар болғаны 17 жаста, бірақ қазірдің өзінде көптеген жүлделерге ие болды — ұжымдық та, жеке де. Ол — нағыз феномен. Оған тыныш дамуына мүмкіндік беріңіздер. Оның алдында ұзақ мансап бар, ол әлі талай Лига ұлттарын ұтады. Сондықтан сабыр сақтаңыздар», – деді Роналду.
2019 жылдан бері екінші мәрте Лига наций чемпионатының жеңімпазы атанған Португалия Испаниямен өткен драмалық матчтың нәтижесінде пенальти сериясында жеңіске жетті.
Криштиану Роналду трофейлердің жоқтығына қарамастан «Әл-Насрда» қалатынын растады