locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Криштиану Роналду трофейлердің жоқтығына қарамастан «Әл-Насрда» қалатынын растады

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Криштиану Роналду трофейлердің жоқтығына қарамастан «Әл-Насрда» қалатынын растады
ФОТО: Getty Images

Португалия құрамасының 40 жастағы шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубындағы болашағына қатысты пікір білдірді.

Футболшының командамен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың шілде айына дейін жарамды.

«Менің болашағыма келсек, негізі ештеңе өзгермейді. Мен «Әл-Насрда» қаламын ба? Иә», – деп келтіреді Роналдудың сөзін журналист Фабрицио Романо.

Бес мәрте «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду 2023 жылдың қаңтарында еркін агент ретінде «Әл-Насрға» ауысқан болатын. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирлерде 105 матч өткізіп, 93 гол соғып, 19 нәтижелі пас берген. Алайда, жеке жетістіктеріне қарамастан, португалдық шабуылшы әлі күнге дейін команда құрамында бірде-бір трофей жеңіп ала алған жоқ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie