Романо «Арсеналдың» жас жұлдызының болашағына қатысты маңызды детальді ашты
Оны құрамда ұстап қалу үшін клуб біраз тер төкті
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Арсеналдың» вингері Макс Доуман небәрі 15 жасында-ақ «канонирлердің» негізгі құрамына тығыз араласып, Микель Артетадан тұрақты болмаса да, ойын уақытын алып жүр. Жақында жас дарын клубпен жастар келісіміне қол қойды, және бұл оңайға соқпағанын Фабрицио Романо мәлімдеді.
Итальяндық инсайдердің ақпараты бойынша, клуб Доуманға өз жобасының ұзақмерзімділігіне сендіруге мәжбүр болды, ал Артетаның өзі вингерді оның жоспарларында бар екеніне иландырыпты. Дәл осы сенім Максты басқа клубтардың ұсыныстарынан бас тартып, «Эмирейтс» стадионында қалуға итермеледі.
Бұған дейін Доуман Чемпиондар лигасының ең перспективалы дебютанттары тізіміне енген болатын. Ол жерде ол «Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сатпаевпен қатар тұр.