«Рома» – «Наполи». 1 желтоқсан. Онлайн қарау. Тікелей трансляция
Италия чемпионатының екі көшбасшысы арасындағы кездесу Серия А-ның үздік үштігі үшін күрестегі шешуші матч болмақ
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
1 желтоқсан түнінде Италия Серия А-сының 13-турында «Рома» мен «Наполи» арасындағы матч өтеді.
Кездесу Римдегі «Олимпико» стадионында өтеді. Ойынның бас төрешісі болып Давиде Масса тағайындалды. Матчтың басталуы Астана уақыты бойынша 00:45-те, тікелей эфирді Setanta Sports телеарнасы көрсетеді.
- Ойынның ең қызықты сәттерін live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасынан көре аласыз
12 турдан кейін «Рома» 27 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында, ал «Наполи» 25 ұпаймен үшінші сатыда келеді. Көшбасшы – «Милан», ол 13-турдағы ойынын өткізіп үлгерді.