«Милан» Серия А-ның көшбасшылары қатарына қайта оралды
«Қызыл-қаралар» қатарынан екінші рет 1:0 есебімен жеңіске жетті
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images
Италия Серия А-сының 12-турында «Милан» өз алаңында римдік «Лационы» қабылдап, ең төменгі есеппен – 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Жалғыз голды екінші таймның басында Рафаэль Леау соқты. Қонақтар матч соңында бір ұпай алуға жақын болды – пенальти талап еткен еді, алайда VAR тобы видеоқайта қарау нәтижесінде шабуылда ереже бұзылғанын анықтады.
Нәтижесінде, «Милан» жеңіске жетіп, 28 ұпайға ие болды. «Россонери» бірінші орынға шығып, «Ромадан» бір ұпайға озды.
Серия А. 12-тур
«Милан» – «Лацио» – 1:0 (0:0)
Гол: Леау, 51