locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Родриго мадридтік клуб форвардтары арасындағы антирекордты жаңартты

Бразилиялық шабуылшы қатарынан 30 матчта гол соқпай, клубтың антирекордын қайталады
Родриго мадридтік клуб форвардтары арасындағы антирекордты жаңартты
ФОТО: gettyimages.com

Мадридтік «Реал» ойыншысы Родриго голсыз сериясын тағы да ұзартып отыр.

Бразилиялық футболшы Ла Лигадағы «Жиронаға» қарсы матчта 72-минутта алаңға шықты, алайда «корольдік клубқа» жеңісті жұлып алуға көмектесе алмады – кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Енді 24 жастағы шабуылшы «Реал» сапында қатарынан 30 ойын бойы гол соға алмай, клуб тарихындағы форвардтар арасындағы ең ұзақ голсыз серияны қайталап отыр, деп хабарлайды MisterChip. Бұған дейінгі антирекорд Мариано Диасқа тиесілі болған.

Айта кетейік, Родриго бұл 30 матчтың барлығында негізгі құрамда ойнаған жоқ, бұл, әрине, оның нәтижелілігіне әсер етті. Ал соңғы голын форвард наурыз айында Чемпиондар лигасында «Атлетикоға» қарсы ойында соққан еді.

1 желтоқсанда белгілі болды: инвестор «Ақтөбеге» маусымға 10 млрд теңге салуға дайын – бұл өткен жылмен салыстырғанда 317%-ға көп

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie