РЕСМИ. Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: kff.kz
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті, деп хабарлады ҚФФ.
Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, 1 ұпай ғана жинады.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
Қазақстандық футболшы Әбіл Жил Висенте U-19 командасының Португалиядағы ірі жеңісіне үлес қосты