Қазақстандық футболшы Әбіл Жил Висенте U-19 командасының Португалиядағы ірі жеңісіне үлес қосты
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Португалиялық "Жил Висенте" U-19 жастар командасы ұлттық чемпионаттың плей-офф кезеңін сенімді жеңіспен бастады. Өз алаңында олар "Торренше" U-19 командасын 3:0 есебімен жеңді.
Қазақстандық футболшы Әбіл негізгі құрамда алаңға шығып, 32-минутта алғашқы голды соғып, есепті ашты. Қалған голдарды Браш (83-минутта) және Родригеш (87-минутта) соқты.
Campeonato Nacional U-19 – 2024/25:
"Жил Висенте" U-19 (Барселуш, Португалия) - "Торренше" U-19 (Торриш-Ведраш, Португалия) 3:0
Голдар: Әбіл 32 (1:0), Браш 83 (2:0), Родригеш 87 (3:0).
Осы жеңістің арқасында "Жил Висенте" U-19 бірінші турдан кейін турнир кестесінің көшін бастады. Әбіл Португалиялық клубқа ауыспас бұрын ФК "Екібастұз" сапында ойнаған.