РЕСМИ. Хосе Севальос Ақтөбеден кетті
Футбол
Азат Максутбек
ФОТО: Instagram
"Ақтөбе" келісімшарттың аяқталуына байланысты 29 жастағы эквадорлық жартылай қорғаушы Хосе Севальостың кететінін жариялады, деп хабарлайды клубтың ресми баспасөз қызметі.
Қазақстандық клубқа ойыншы эквадорлық "Эмектен" ауысты, онда ол төрт маусымды өткізді, бұған дейін ойыншы Португалия, Бельгия чемпионатында өнер көрсетті. Айта кету керек, ойыншы итальяндық "Ювентус" үшін ойнап үлгірген.
Өткен маусымда Хосе "Ақтөбе" сапында 26 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.