РЕСМИ. Актөбе Барачтың келісімшартының аяқталуы байланысты командадан кетті
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
"Актөбе" футбол клубы 30 жастағы хорватиялық қорғаушы Матео Барачтың келісімшартының аяқталуына байланысты клубтан кететінін ресми түрде мәлімдеді.
"Матеоға рахмет! Хорватиялық қорғаушы Барач "Актөбеден" кетіп жатыр, себебі оның клубпен келісімшарты аяқталды", - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Өткен маусымда Барач команда сапында 25 матч өткізді және 1 гол соқты.