locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

РЕСМИ. Хамес Родригес жаңа клубқа ауысты

РЕСМИ. Хамес Родригес жаңа клубқа ауысты
ФОТО: gettyimages.com

"Райо Вальекано" мексикалық "Леон" клубымен 33 жастағы колумбиялық жартылай қорғаушы Хамес Родригесті тегін трансфермен ауыстыру жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды испан командасының ресми сайты.

Бұған дейін Хаместің "Райо" клубымен келісімшартын бұзып, еркін агент ретінде командадан кеткені туралы ақпарат тараған еді.

Айта кетейік, футболшы "Райо Вальекано" құрамына осы маусымның басында қосылған болатын. Ол ағымдағы маусымда испандық клуб сапында барлық турнирлерде жеті матчқа қатысып, бір нәтижелі пас беріп, жалпы 205 минут ойын өткізген.

Бұған дейін Родригес "Реал", "Бавария" және басқа да беделді клубтарда өнер көрсеткен.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie