locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хамес Родригес мансабын Мексикада жалғастыруы мүмкін

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Хамес Родригес мансабын Мексикада жалғастыруы мүмкін
Фото: gettyimages

Колумбиялық жартылай қорғаушы Хамес Родригес мексикалық “Леон” клубына ауысуы ықтимал. Бұған дейін 33 жастағы футболшы «Райо Вальекано» клубымен келісімшартын өзара келісім бойынша бұзған еді.

Енді "Леон" Хаместі өз қатарына қосу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер бұл трансфер жүзеге асса, Хамес өзінің мансабын Латын Америкасында жалғастырады, деп хабарлады Фабрицио Романо.

Колумбиялық футболшы “Райо Вальеканомен” келісімшартын мезгілінен бұрын бұзып, еркін агент атанған болатын. Ол Мадридтің клубына ауысқалы бері небәрі 205 минут ойнап, бір голдық пас жасады.

Хамес Родригес командасымен келісімшартты бұзып, еркін агент атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie