Рэшфорд таңдау жасауда: Милан немесе Барселона
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
"Милан" мен "Барселона" әліде Маркус Рэшфордты қатарына қосқысы келеді.
Қос клуб әліде трансферді жүзеге асыруға ниетті. Әзірге Рэшфорд нақты шешім қабылдамады. Ағылшындық шабуылшы өзіне қолайлы ұсынысты таңдамақ.
Каталондық клуб 27 жастағы вингерді қатарына қосу үшін Ансу Фатидің болашағын шешуі керек. Жарақатынан жақында ғана оралған испаниялық вингер Ханси Фликтің сеніміне кіре алмады. Сол себепті клубтан кетеді деп күтілуде.