locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тоттенхэм Маркус Рэшфордқа қызығушылық танытып отыр

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Тоттенхэм Маркус Рэшфордқа қызығушылық танытып отыр
Фото: gettyimages

The Independent мәліметінше, лондондық клуб “Манчестер Юнайтед” шабуылшысын қатарына қосу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Сондай-ақ, ойыншыға “Вест Хэм” де қызығуда.

Алайда, Рэшфордтың “Тоттенхэмге” ауысуы екіталай – футболшы аптасына шамамен 300 мың фунт табыс табады, ал лондондық команда мұндай шығынды көтере алмауы мүмкін.

27 жастағы футболшыға “Милан”, “Ювентус” және “Боруссия” көз тігіп отыр.

АПЛ-дің осы маусымында Рэшфорд 15 матч өткізіп, 4 гол соқты.

Маркус Рэшфорд Манчестер Юнайтедтен кету туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie