Ресейлік журналист «Бернли» командасын Сатпаевпен бір деңгейде деп есептемейді
Ресейлік журналист Александр Троицкий Чемпионшиптің төртінші турындағы «Бернли» мен «Мидлсбро» (1:1) арасындағы матчтағы Дастан Сатпаевтың өнеріне пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Журналисттің ойынша, қазіргі уақытта «Бернли» ойын деңгейі жағынан Сатпаевпен тең түспейді. Александр Троицкийдің айтуынша, команда үйлесімдірек ойнаса, Дастан одан да жақсы өнер көрсете алар еді.
«Дастан Сатпаев Burnley мен Middlesbrough арасындағы матчта (1:1) ойынның ең үздік ойыншысы атанды. Дастан 80 минут ойнады. Қандай жұлдыз!
Шынын айтсам, Burnley-дің ойын стилі маған ұнамайды. «Мен команданың үйлесімді ойнағанында Сатпаев әлдеқайда жарқырап кетер еді деп толық сенімдімін», – деп жазды журналист өзінің Telegram арнасында.
Еске салсақ, матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Сатпаев матчты бастапқы құрамда бастап, ойынның ең үздік ойыншысы атанды. Шабуылшы алаңда 80 минут ойнап, қақпаға екі рет соққы бағыттады, бірақ екеуі де голға айналған жоқ.
Айта кетейік, «Бернли» маусымды ең жақсы бастаған жоқ. Сатпаевтың командасы төрт матчтан екі ұпай жинап, Чемпионшип кестесінде соңғы орыннан екінші орында тұр.