Ренат Абдулин «Атырауға» қайта оралды — бұл жолы бапкер ретінде
Бұрынғы қорғаушы 2013 жылы ойыншы ретінде өнер көрсеткен клубтың жаттықтырушылар құрамына қосылды
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: Getty Images
BorodAbata.kz мәліметінше, Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ренат Абдулин «Атырау» футбол клубының бапкерлік штабына қосылды.
Алматы футбол мектебінің түлегі ретінде ол кезінде «ЦСКА-Қайрат», «Қайрат», «Восток-Алтын» сынды бірқатар ҚПЛ клубтарында ойнаған. 2013 жылы Абдулин «Атырау» сапында 48 матч өткізіп, екі гол соққан болатын.
2025 жылдың маусым айында ол «Тұран» клубында бас бапкердің міндетін атқарып, командамен бірге екі ресми ойын өткізді.
«Атырау» қорғанысты нығайтты: Данияр Ордамен келісімшарт жасалды