«Атырау» қорғанысты нығайтты: Данияр Ордамен келісімшарт жасалды
Қорғаушы екі жыл бойы ойнаған командасына қайта оралды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Атырау ФК
«Атырау» футбол клубы қорғаушы Данияр Ордамен келісімшарт жасалғанын ресми түрде хабарлады.
Футболшы 2022-2024 жылдар аралығында осы клубтың құрамында өнер көрсеткен болатын.
Орда – Қазақстанның «Қайрат» клубының түлегі, сонымен қатар «Тараз» және «Хан-Тәңірі» командаларында да ойнаған. Биылғы маусымда ол «Тараз» командасы үшін екі матчқа қатысқан.
Қазіргі уақытта Қазақстан Премьер-Лигасының 18 ойынынан кейін «Атырау» 8 ұпаймен 14-орында тұр.