locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реалдың» көшбасшылары қақтығыс алдында: Мбаппе Винисиустың эгоизміне риза емес

Килиан бұл туралы Хаби Алонсоға айтып шағымданды
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
«Реалдың» көшбасшылары қақтығыс алдында: Мбаппе Винисиустың эгоизміне риза емес
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе, Чемпиондар лигасында «Қайратқа» қарсы хет-трик авторы атанғаннан кейін (5:0), шабуылдағы серіктесі Винисиус Жуниордың әрекетіне көңілі толмады.

El Nacional деректеріне сүйенсек, француз шабуылшысы бас бапкер Хаби Алонсоға бразилиялықтың тым өзімшілдігін, әрі қажетті сәттерде допты өзіне бермегенін айтып, шағымданған.

Мбаппенің пікірінше, Винисиус командалық ойынды екінші орынға ысырып, бәрін өзі шешуге тырысады және жиі пас бермей, эпизодтарды жеке өзі аяқтауға ұмтылады.

Мәліметке сәйкес, Мбаппе Алонсодан бұл мәселені бразилиялықпен жеке талқылауды сұрап, одан командалық әрекетке көбірек көңіл бөлуді талап еткен. Сондай-ақ, «бланкос» көшбасшылары арасындағы қарым-қатынастың ушығып келе жатқанын және бұл болашақта үлкен қақтығысқа әкелуі мүмкін екенін атап өткен.

Осы маусымда Килиан мадридтік команда сапында барлық турнирде 13 гол соқты.

Бұған дейін Мбаппенің өз футболкасын «Қайрат» ойыншыларының қайсысының ұлына сыйға тартқаны белгілі болған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie