locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» жас қорғаушыны қатарға қосты: Дин Хейсен 1 маусымнан бастап мадридтік клуб ойыншысы атанады

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Реал» жас қорғаушыны қатарға қосты: Дин Хейсен 1 маусымнан бастап мадридтік клуб ойыншысы атанады
ФОТО: realmadrid инстаграм парақшасынан

Мадридтік «Реал» ағылшынның «Борнмут» клубымен орталық қорғаушы Дин Хейсеннің трансфері бойынша келісімге келгенін ресми түрде мәлімдеді.

Тараптар келісімге келді, нәтижесінде 2025 жылдың 1 маусымынан бастап 20 жастағы футболшы «Реалдың» толыққанды ойыншысы атанады. Испаниялық талантты қорғаушымен келісімшарт 2030 жылдың 30 маусымына дейін жасалған.

«Реал» ойыншыны сатып алу құқығын пайдаланып, 59,45 миллион еуро көлемінде төлем жасады. Айта кетейік, 2024 жылдың жазында «Борнмут» Хейсенді туриндік «Ювентустан» 15,2 миллион еуроға сатып алған болатын.

Ағылшын Премьер-лигасындағы алғашқы маусымында жас қорғаушы 34 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. 2025 жылдың наурызында Хейсен алғаш рет Испания ұлттық құрамасына шақыртылып, Нидерландқа қарсы Ұлттар лигасының екі ойынына қатысты. Қайтар матчта ол нәтижелі пас авторы атанды.

Осылайша, мадридтік клуб қорғанысын болашағынан үміт күттіретін, өзін дәлелдеген жас ойыншымен күшейтті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie