Дин Хейсен «Реалды» таңдады: 20 жастағы қорғаушы 2030 жылға дейін келісімшартқа қол қояды


«Борнмут» командасының орталық қорғаушысы Дин Хейсен мадридтік «Реалмен» ұзақ мерзімді келісімшарт жасасуға жақын.
AS басылымының хабарлауынша, келісім 22 мамыр, бейсенбі күні футболшы медициналық тексерістен өткен соң ресми түрде рәсімделмек.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, 20 жастағы ойыншының бастапқы жылдық жалақысы 9 миллион еуроны құрайды. Жақсы нәтижелерге қол жеткізген жағдайда бұл сома 11 миллион еуроға дейін артуы мүмкін. Англия Премьер-лигасының бірнеше клубы футболшыға қаржылық жағынан тиімді ұсыныстар жасағанына қарамастан, «Реал» басшылығы Хейсен мен оның агенттерін дәл осы клубқа ауысудың болашағы зор екеніне сендіре алды.
Ағымдағы маусымда Дин Хейсен барлық турнирлерде 34 матч өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Айта кетейік, футболшының «Борнмутпен» қолданыстағы келісімшарты 2030 жылға дейін есептелген.

