locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» жанкүйерлері Винисиустың болашағын дауыс беру арқылы анықтады. Фанаттар не шешті?

Бразилиялықтың «корольдік клубтағы» жағдайы біртіндеп нашарлап келеді
Футбол
Серик Амирбек
Серик Амирбек
Редактор
«Реал» жанкүйерлері Винисиустың болашағын дауыс беру арқылы анықтады. Фанаттар не шешті?
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реал» «Севильяны» 2025 жылғы соңғы матчта 2:0 есебімен тізе бүктірді. Бірақ, «ақтар» жылды тек жеңіспен емес, үлкен даумен аяқтады.

«Бланкос» сапындағы Винисиус өз алаңында жанкүйерлердің ысқырығына тап болды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды, ал ойыншы матчтан кейін әлеуметтік желілерде команда ауыстыруға ишара жасады посттар жариялады.

Испанияның беделді Marca басылымы «Реал» жанкүйерлерінің арасында Винисиустың клубтағы болашағына қатысты сауалнама өткізді. Нәтижесінде жанкүйерлердің 86%-ы «ақтар» бұл ойыншыны сатуы керек деп дауыс берген.

Бразилиялық футболшы қиын кезеңді бастан өткеруде – ол қатарынан 17 матчта клуб үшін гол соға алмады. Соңғы рет 25 жастағы вингер «Реал» сапында 4 қазанда ғана қарсылас қақпасын дәл көздеген еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie