«Реал» мен Хаби Алонсо келісімшарт жасауға бір табан жақын
Хаби Алонсо мадридтық «Реалмен» келісімшарт жасауға жақын, деп хабарлайды инсайдер Маттео Моретто X әлеуметтік желісінде.
Дереккөздің мәліметі бойынша, жаттықтырушы жақын арада «Байер» басшылығымен кездесіп, мадридтік клубқа ауысу ниетін білдіретін болады.
Испандық маман Карло Анчелоттидің жақын арада клубтан кететіні белгілі болғаннан кейін «Реал» бас бапкерінің негізгі кандидаты атанды. Мадридтік клубпен келісімшарт жасасу мәселесі аяқталуға жақын.
Хаби Алонсо 2022 жылы «Байер» клубының бапкері болды. Оның жетекшілігімен команда 2023/2024 маусымында Германия чемпионаты мен Кубогын жеңіп алып, Еуропа лигасының финалына шықты.
Алонсоның «Байермен» қазіргі келісімшарты 2025/2026 маусымының соңына дейін бекітілген, дәл осындай келісімшарт мерзімі Карло Анчелоттидің «Реалмен» келісімшартында да бар.