locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» маусымды Барселонада бастайды: «Эспаньолға» қарсы матчтың құрамдары белгілі болды

Мадридтік клуб Испания чемпионатының жаңа маусымындағы алғашқы кездесуін өткізеді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Реал» маусымды Барселонада бастайды: «Эспаньолға» қарсы матчтың құрамдары белгілі болды
ФОТО: Getty images
Ла Лига Испания
22.08.2026, Аяқт.
Эспаньол
1
Реал Мадрид
2

Мадридтің «Реалы» Ла Лиганың жаңа маусымындағы алғашқы матчын өткізеді. Бірінші тур аясында команда сырт алаңда «Эспаньолмен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу Барселонадағы «Корнелья-Эль Прат» стадионында өтеді.

«Эспаньол» жаңа маусымдағы алғашқы ойынын сәтті өткізіп, «Левантені» 3:0 есебімен жеңген. Енді каталониялық клуб өз алаңында мадридтік командаға қарсы ойнайды.

Қос команданың бапкерлері кездесуге шығатын негізгі құрамды жариялады.

«Эспаньолдың» негізгі құрамы:
Дмитрович, Эль-Хилали, Ридель, Нуньес, Инохо, Гонсалес, Экспосито, Эрнандес, Кала, Долан, Фернандес.

«Реалдың» негізгі құрамы:
Куртуа, Думфрис, Конате, Хейсен, Каррерас, Бернарду Силва, Вальверде, Гюлер, Беллингем, Винисиус, Мбаппе.

Кездесу 23 тамызға қараған түні, Қазақстан уақытымен 00:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясы.

Осы ойыннан кейін «Реал» 26 тамызда «Реал Сосьедадпен» кездеседі. Ал «Эспаньол» 29 тамызда дәл осы баск клубына қарсы ойнайды. Мадридтік команда 30 тамызда «Малагамен» кездеседі.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie