locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: «Бұл жүйелі буллингке ұқсап барады»: Моуринью Винисиусты қорғады

Португалиялық маман төрешінің жұмысын бағалап, «Эспаньолға» қарсы матчта жеңіс голын соққан 21 жастағы Карлос Эспиді де мақтады
«Бұл жүйелі буллингке ұқсап барады»: Моуринью Винисиусты қорғады
ФОТО: Getty images
Ла Лига Испания
22.08.2026, Аяқт.
Эспаньол
1
Реал Мадрид
2

Мадридтік «Реал» клубының бас бапкері Жозе Моуринью «Эспаньолды» 2:1 есебімен жеңген матчтан кейін Винисиус Жуниорға қатысты пікір білдіріп, төрешілердің жұмысы мен шешуші голдың авторы Карлос Эспиге де тоқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мадридтіктер тоғызыншы минутта Джуд Беллингемнің голымен алға шықты. Алайда «Эспаньол» Алекс Калатраваның көмегімен есепті теңестірді. «Реалға» жеңісті 80-минутта алаңға шыққан 21 жастағы Эспи сыйлады - ол 90-минутта шешуші голды соқты.

Ойыннан кейін Моуринью кездесудің бас төрешісі Хосе Мария Санчес Мартинестің жұмысын ерекше атап өтті. Португалиялық маман арбитр матчты бақылауда ұстап, эмоцияға берілмей дұрыс шешімдер қабылдағанын айтты.

«Төреші матчты өте жоғары деңгейде өткізді. Мұны біз жеңгендіктен айтып тұрған жоқпын. Санчес Мартинес ойынды толық бақылауда ұстап, өз міндетін жақсы атқарды», - деді Моуринью.

Бапкер Карлос Эспидің ойынына да жоғары баға берді. Жас шабуылшы алаңға шыққаннан кейін шамамен он минут ішінде «Реал» сапындағы алғашқы ресми голын соғып, командасына үш ұпай әкелді.

«Карлостың мүмкіндігі өте жоғары. Жасы жас болғанымен, ол өз рөлін жақсы түсінеді және жеке мүддеден гөрі команданы алдыңғы орынға қояды. Мұндай қасиет жас ойыншы үшін өте маңызды», - деді португалиялық маман.

Моуринью Винисиус төңірегіндегі жағдайға да арнайы тоқталды. Оның пікірінше, қарсыластар бразилиялық футболшыны эмоциялық тұрғыдан шығару үшін жиі қасақана қатал ойнайды.

«Винисиус мінсіз емес, әрине. Бірақ оның айналасында болып жатқан жағдай шектен шығып барады. Кейде қарсыластар әдейі кезектесіп фол жасайтындай көрінеді: біреуі ереже бұзады, артынан екіншісі қайталайды. Мұның бәрі оған тұрақты қысым жасау үшін істелетіндей әсер қалдырады», - деді Моуринью.

«Реал» бапкері мұндай жағдайда Винисиусқа эмоциясын бақылау өте қиын екенін де жасырмады. Тіпті гол соққан жағдайда да артық әрекет жасап, сары қағаз алып қалмау үшін мерекелеу сәтіне дейін мән беру керектігін ескерткен.

«Оған үнемі сабыр сақтау оңай емес. Мен тіпті: гол соқсаң, қуанышыңды да бақыла, артық эмоция үшін сары қағаз алып қалма деп айттым. Біз буллингпен күрес туралы көп айтамыз, бірақ Винисиус әлі де оған тап болып жүр - қарсыластар тарапынан да, трибунадағы кейбір жанкүйерлер тарапынан да», - деп қосты Моуринью.

«Эспаньолға» қарсы жеңіс «Реал» үшін Ла Лиганың жаңа маусымындағы алғашқы үш ұпай болды. Келесі матчта мадридтіктер 26 тамызда «Реал Сосьедадпен» кездеседі.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie