Моуриньудың алғашқы матчы: «Эспаньол» мен «Реалдың» текетіресін қайдан көруге болады
Мадридтің «Реалы» испандық Ла Лиганың 2-турында каталондық «Эспаньолдың» қонағы болады, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
«Лос Бланкос» үшін бұл жаңа маусымдағы алғашқы ресми кездесу болмақ, әрі бұл Жозе Моуриньюдің «ақтарға» бапкер ретінде қайта оралғаннан кейінгі алғашқы ойыны.
Матч Астана уақытымен 22-нен 23 тамызға қараған түні, 00:30-да өтеді. Тікелей трансляция Кинопоиск пен liveball.sx сайттарында қолжетімді.
Айта кету керек, бүгінгі ойын алдында «бланкостарда» құрамда біраз қиындықтар бар. Жарақатына байланысты Эдер Милитао, Родриго, Ферлан Менди, Орельен Тчуамени, Тьяго, Эндрик және Рауль Асенсио алаңға шыға алмайды.
Тчуамени қазірдің өзінде командадағы әріптестерімен жаттығуға кірісті, бірақ Моуринью француз жартылай қорғаушысының денсаулығына қауіп төндірмеу үшін оны Каталония астанасындағы ойынға қоспауды ұйғарды.
Сонымен қатар, мадридтік клуб жазғы трансферлік терезеде сапалы жұмыс атқарды. «Корольдік клубтың» қатарына Марк Кукурелья, Бернарду Силва, Ибраима Конате, Дензел Дюмфрис, Ян Диоманде және Карлос Эспи қосылды.
Айта кетейік, бұған дейін біз «Бернабеу» Ла Лиганың жалғыз стадионы болатынын жазған едік, мұнда осы маусымда төрешілер матчқа дейін және кейін сөйлей алмайды. Бұл «Реалдың» телетрансляцияға қойған шектеулері мен төрешілер комитетінің жаңа ашықтық протоколының сәйкес келмеуінен туындап отыр. Ла Лиганың қалған барлық стадиондарында төрешілерге ойын алдында және соңында сұхбат беруге рұқсат етіледі.