locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал Мадрид» қорғанысына соққы: Ферлан Менди келесі маусымға дейін қатардан шығып қалды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Реал Мадрид» қорғанысына соққы: Ферлан Менди келесі маусымға дейін қатардан шығып қалды
ФОТО: Getty images

Мадридтік «Реал» қорғаныс шебінде елеулі шығынға ұшырады - командасының сол қапталдағы негізгі қорғаушысы Ферлан Менди осы маусымда алаңға қайта оралмайды.

Француз футболшысының оң аяғындағы төртбасты бұлшықеттің проксималдық сіңірі жыртылғаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша, оның толық қалпына келуіне кемінде екі жарым ай қажет. Демек, Менди жаттығуларға тек келесі маусымда орала алады.

Бұл жаңалық «Реал» үшін ауыр соққы болды, себебі Менди команданың қорғаныстағы ойынында маңызды рөл атқаратын негізгі ойыншылардың бірі. Биылғы маусымда ол 31 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ, неміс орталық қорғаушысы Антонио Рюдигер де жарақатына байланысты қатардан шығып қалды. 29 сәуір күні ота жасалып, бірнеше аптаға ойыннан тыс қалмақ. Бұған қоса, испандық БАҚ мәліметінше, Рюдигерге төрттен он екі матчқа дейін дисквалификация салынуы мүмкін. Бұл жазаның жарақатынан кейінгі қалпына келу кезеңінде күшіне енуі ықтимал.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie