locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Менискіге жасалған операция: Антонио Рюдигер қатардан шықты

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Менискіге жасалған операция: Антонио Рюдигер қатардан шықты
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» 32 жастағы неміс орталық қорғаушысы Антонио Рюдигер тізе жарақатына байланысты ота жасатты.

«Реал» командасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, футболшының сол жақ тізесіндегі сыртқы менискінің жартылай жыртылуы анықталған. Ота сәтті өтті, оны дәрігер Мануэль Лоис клубтың медициналық қызметкерлерімен бірлесе жүргізді.

Алдағы күндері Рюдигер оңалту процесін бастайды. Алдын ала болжам бойынша, толық қалпына келуіне екі айға жуық уақыт қажет болуы мүмкін.

Антонио Рюдигер 2022 жылы ағылшындық «Челси» клубынан ауысып келіп, «Реал» сапына қосылған болатын. Биылғы маусымда ол барлық турнирлерде 49 ойын өткізіп, үш гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie