«Реал» «Барселонаны» басып озып, Ла Лиганың қаржылық рейтингінде көш бастады. Қандай сома туралы сөз болып отыр?
«Сливочные» Ла Лигадағы қаржылық көрсеткіш бойынша топта
Футбол
Серик Амирбек
Редактор
ФОТО: Getty Images
Ла Лига клубтарға өткен маусымдағы теледидарлық құқықтардан түскен табыстар үшін жалпы 1,292 млрд еуро төледі.
Табысы бойынша көшбасшы — мадридтік «Реал», деп хабарлайды Marca. «Сливочные» 157,92 млн еуро алды.
«Бланкос» 156,45 млн еуро тапқан «Барселонаны» артта қалдырды. Үштікті 108,17 млн еуро жинаған «Атлетико» түйіндеді.
Қалған клубтардың барлығы 100 миллионнан аз табыс тапты. Үздік үштікке ең жақындары — «Атлетик» (72,76 млн еуро) және «Реал Сосьедад» (67,80 млн). Ең аз табыс көрсеткіші «Леганеске» тиесілі — 39,93 млн еуро.
Бұған дейін «Реал» тағы бір қаржылық рекорд орнатқан еді — бұл жолы Еуропа деңгейінде.