locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бұрын трансферге жұмсалатын, енді жарақатқа кетеді: «Реал» Еуропа рекордын орнатты — 168 млн еуро

«Реал Мадрид» бес маусымда жарақаттарды емдеуге 168 млн еуро жұмсап, Еуропада жаңа рекорд орнатты
Бұрын трансферге жұмсалатын, енді жарақатқа кетеді: «Реал» Еуропа рекордын орнатты — 168 млн еуро
ФОТО: gettyimages.com

Соңғы бес жылда «Реал Мадрид» жарақатты емдеуге рекордтық шығын жұмсады — 168,76 млн еуро. Бұл көрсеткіш Еуропадағы барлық басқа клубтардан, оның ішінде «Барселонадан» (122,99 млн еуро) асып түсті.

Howden халықаралық сақтандыру брокерлік тобының мәліметінше, «Реал» «Бавария» және ПСЖ-мен қатар кей маусымда жарақаттарға 40 млн еуродан астам қаржы жұмсаған. Жалпы бес маусымда мадридтіктер 168,76 млн еуро, ал «Барселона» 122,99 млн еуро шығындалған.

Howden компаниясының European Men's Football Injury Index есебі соңғы бес жылдағы Еуропаның бес басты лигасындағы жарақат тенденцияларын талдайды және оған 2025 жылғы Клубтық әлем чемпионатына қатысатын командалар да енген. Осы аралықта Еуропада барлығы 22 596 жарақат тіркелген.

Мысалы, «Челси» командасы 2025 жылдың маусымынан қазан айына дейін жарақаттар саны 2024 жылмен салыстырғанда 44%-ға артқанын байқады. ПСЖ — соңғы бес маусымның әрқайсысында орташа деңгейден жоғары жарақат алған жалғыз француз клубы, бұл шамамен 300 оқиға.

А Сериясында ең көп жарақат алғандар — «Ювентус» пен «Милан». Бундеслигада жарақаттану деңгейі ең жоғары болғанымен, қаржылық шығын орта есеппен 115,95 млн еуро болды — бұл өзге лигалардан аз.

2024/25 маусымында жарақаттар саны артқанымен, клубтардың қаржылық шығыны өткен маусыммен салыстырғанда 160,48 млн еуроға азайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie