Ғалымжан Кенжебек «Елімайдың» ойыншысы атанды
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Еуропадан оралып, КПЛ-де өнерін жалғастырады
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: КФФ
Семейлік «Елімай» клубы 22 жастағы Қазақстан құрамасының футболшысы Ғалымжан Кенжебекті құрамына қосқанын ресми түрде жариялады. Еуропада тәжірибе жинап үлгерген жартылай қорғаушы маусымның екінші жартысына арналған маңызды трансфердің бірі саналады.
Кенжебек бұған дейін Словакия чемпионатында «Кошице» командасының сапында ойнады. Аталған клуб құрамында 10 матч өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
«Елімайға» ауысуы жазғы трансферлік кезеңдегі ең айтулы жаңалықтардың бірі болды.
Қапталдағы жаңа күш: «Елімай» Акмаль Бахтияровпен келісімшартқа отырды.