Рафиньяға жауап па? Аргентина Бразилиямен ойын алдында алаңға әлем кубогын шығарады


Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бразилияға қарсы ойын алдында әлем кубогын алаңға шығарады, деп хабарлайды Bolavip Argentina.
Аргентина мен Бразилия арасындағы Суперкласико де лас Америкас 26 наурызға қараған түні өтеді, матч Қазақстан уақытымен 5:00-де басталады.
Қызу матч алдында бұрыннан келе жатқан араздық ұшқыны тұтанды – Бразилия құрамасының көшбасшысы Рафинья Ромариомен әңгімесінде жеңіске жетуге уәде беріп, Аргентина құрамасын балағаттады. Бұған «альбиселесте» футболшылары әлеуметтік желіде бразилиялыққа қорлайтын пікірлермен жауап берді. Ал Аргентина футбол федерациясы ойын алдында 2022 жылғы әлем чемпионатының кубогын көрсетуді жоспарлап отыр.
Рафинья жауапсыз қалмады және Twitter желісінде ұлттық командалардың жеңіп алған жүлделерінің санын көрсететін суретті жариялады.
